Ұлағатты ұстаздар ұлықталды

Ұлағатты ұстаздар ұлықталды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

«Білімдінің алды жарық…» деген дана халқымыз қай заманда да ұрпағының білім алуына ерекше көңіл бөліп, оған қол жеткізуіне бар мүмкіншілігін пайдалануға ұмтылған. Ұстазға деген құрметі мен сенімі шексіз бола отырып, білімдіге артар үміт, арманы да асқақ болған. Мемлекетіміз дамыған 30 елдің қатарына қосатын білімді де белсенді азаматтарымызды қалыптастырудағы басым күш, білім беру саласына жүктеліп отырғаны мәлім. Сондықтанда білім беру саласының қызметкерлері қоғам алдында ең жауапты міндетті арқалап отыр.

Бүгін қарасайлық педагогтардың кәсіби мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты  шара өтті. Ұстаздар қауымын мерекелерімен аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы келіп құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Мұнан кейін бірқатар мереке иелері ел алдында марапатталды. Атап айтқанда, Жандарбек Ермекұлы өз атынан жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған табысты еңбегі үшін Құрмет грамотасымен сегіз мұғалімді, ал Алғыс хатымен 13 мұғалімді марапаттады. Бұдан бөлек,  аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаеваға ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін табыстады. Салтанатты  басқосу әрі қарай қонцерттік бағдарламамен жалғасып, бірқатар эстраданың жұлдыздары ән шырқап, көрерменге жақсы көңіл күй сыйлады.

Мерекелік жиынның соңы Қарасай батыр орта мектебінің оқушыларынан құралған хорының орындаған «Ұстазым» әнімен аяқталды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях