Әл-Фараби атындағы гимназия шақырады

Әл-Фараби атындағы гимназия шақырады

Алмалыбақтағы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы  конкурстық негізде 5-сыныпқа оқушылар қабылдау мерзімін аудан ата-аналарлар назарына ұсынады.

Арнаулы гимназияға құжаттарды тапсыру және қабылдау ыңғайлылық үшін онлайн форматта жүзеге асырылады. Тіркелу ағымдағы жылдың 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында көрсетілген сілтеме бойынша  https://qabyldau.daryn.kz/ru/index.php өтеді. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен берілген үлгі бойынша өтініші; ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі; үміткердің электрондық мекен-жайы, оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы; үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті. Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданатын ескертеді.  Оған  қоса, жеке жүктелетін файлдың өлшемі 2 мегабайттан аспауы тиіс.  Конкурстық іріктеудегі тест сұрақтары өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасына сәйкес логикалық сипаттағы тапсырмалардан құралған.  Ең жоғары балл жинаған 25 оқушы гимназияның шәкірті атанады. Толығырақ ақпарат алу үшін 8 (72 771) 5 – 39 – 39 телефон нөміріне хабарласуға болады.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях