Коронавирус жұқтырған 2 жасар бүлдіршіннің денсаулығы оңалып келеді

Коронавирус жұқтырған 2 жасар бүлдіршіннің денсаулығы оңалып келеді

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы inform.kz сайтына сілтеме жасап.   

– Екі жасар баланың денсаулығы жақсарды, бүгінгі күні қанағаттанарлық жағдайда. Бүгін соңғы талдауларын күтудеміз, егер олар теріс нәтиже берсе, онда ауруханадан шығаруға дайынбыз, – деді Т.Әбілдаев.

Оның айтуынша, бүгінде қалалық жұқпалы аурулар ауруханаларында барлығы 76 пациент коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде 2-і бала.

– Емдеуге жатқызылғандардың бірі Алматы облысының тұрғыны екені анықталды. 1971 жылы туған әйел ЖРВИ белгілерімен жағдайы нашарлап Алматының көпбейінді клиникалық ауруханасына жүгінген. Оған зерттеулер жүргізіліп, екі жақты төменгі дәрежелі пневмония анықталды. COVID 2019-ға да талдаулар алынды, нәтижесі расталды. 30-ы күні ол біздің қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына емдеуге жатқызылды, – деді басқарма басшысы.

66 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 1 ересек адамның жағдайы ауыр. 9 ересек адамның жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Қазір Алматыда провизорлық орталықтарда 697 адам карантинде жатыр, оның ішінде – 84 бала, екі күндік карантинде 1029 азамат және 3156 адам үй карантинінде жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях