Кеше аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаеваның төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 24-ші кеңейтілген отырысы өткізілді. Күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Жиында алдымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Айжан Ізбасар баяндама оқып, соңғы 11 айдың ішінде атқарылған жұмыс жайлы айтып өтті. Комиссия хатшысының мәлімдеуінше биылғы жылы 69 рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, 82 әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар және тағы да басқа істер қаралаған. Ата-ана құқықтарын айыру бойынша сотқа 9 талап-арыз беріліп, оның 8 қанағаттандырылған. Мұнан бөлек, биыл әртүрлі себептермен қиын жағдайға түскен 305 балаға көмек көрсетілген.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша білім бөліміне қарасты қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің маманы Гүлшат Авганова баяндама оқып, ауданымызда тіркеуде тұрған сәтсіз отбасылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы кеңінен айтып өтті. Маманның есебін тыңдаған Айжан Назарбаева өз кезегінде жоғарыда аталған мәселені ювеналды полиция қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің директорларына бақылауда ұстап, осы бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тиянақтылықпен орындауды тапсырды.
Мұнан бөлек жиында Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің басшысы Ернұр Ембердиев өз бөлімінің 11 ай бойы атқарылған жұмыстары жайлы, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Руслан Куккузов ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша жасөспірімдер арасындағы жүргізілген жұмыстар туралы толыққанды айтып өтті.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы туралы комиссия төрағасы талқылауға ұсынып, комиссия мүшелерінің ұсыныс – пікірлерін ескеріп, жаңа жоспарды бекітті.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет-қылықтардан аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать