Маслихаттың жанындағы комиссияларының отырысы өтті

Маслихаттың жанындағы комиссияларының отырысы өтті

Кеше аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілісі өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Отырыста күн тәртібі бойынша негізгі болып екі мәселе қаралды. Біріншісі – ауданда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу ережелеріне арналды. «Заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіп және азаматтардың құқығын қорғау» комиссияның төрағасы Қуаныш Баямановтың жүргізуімен өткен жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсет Нұрекенов баяндама оқып, депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Екіншісінде азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу мәселесі қарастырылды. «Экономика, бюджет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту» комиссиясының төрағасы Жанна Жазықпаева жүргізген отырыста депутаттардың қойған сұрақтарына аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жеңіс Ноғайбаев жауап қайтарды.

Екі жиынға да аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Атлана Исаева, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қордай Әбілбеков пен онлайын тәртіппен комиссия басқа да мүшелері қатысты.

Басқосу соңында аталмыш комиссияларының мүшелері шешімнің жобасын мақұлдап, жақын арада өтетін сессияның күн тәртібіне енгізу туралы қаулы қабылданды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях