Колледжде «Жұмыс беруші күні» өтті

Колледжде «Жұмыс беруші күні» өтті

Еліміздегі оқуды енді бітіріп, жұмысқа орналаса алмай жүрген жас мамандардың мәселесін шешу үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республика бойынша барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» іс-шарасын өткізуді бекіткен болатын. Осыған орай, бүгін ауданымыздағы Санжар Жандосов атындағы Қаскелен-кәсіптік техникалық колледжі ауданға қарасты мекеме басшылары мен жұмыс беруші жеке кәсіпкерлердің қатысуымен ауқымды іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жоғарғы курс студенттеріне арналған кездесу барысында алдымен кәсіптік білім беру ұйымының директоры Рүстембек Бакиров арнаулы оқу орнының атқарып жатқан жұмыстары мен студенттерді оқудан кейін жұмысқа орналастыру бағытында жасалып жатқан шаралар жайында қысқаша баяндап өтті.

Мұнан соң аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Абылай Зуайда, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Жанәділ Орынбай мемлекет тарапынан жас мамандармен кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктер жайлы, ал ЖШС «LAKE FARM», ЖШС «Кухня Майами», ЖШС «СмартЭлектроМонтаж» сияқты бірқатар кәсіпорындардың өкілдері өздерінің жұмыстары туралы, жұмысқа келгісі келетін студенттерге қандай жағдай жасайтындығы, жалақы мәселесі бойынша толыққанды ақпарат беріп өтті. Бұған қоса студенттер тарапынан қойылған әртүрлі сауалдарға жауаптар берді.

Шара соңында өздерінің білімгерлеріне қолдау көрсету мақсатында көптеген кәсіпорындармен бірлесе жұмыс жасайтын колледж басшылығы «Кухня Майами» мен «СмартЭлектроМонтаж» кәсіпорындарымен мамандарды даярлауға бағытталған келісім шарт жасасты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях