ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Бұл туралы Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысында белгілі болды. Онлайн жиын барысында бірқатар шешімдер қабылданды.
Ведомствоаралық комиссияның шешімімен:
І. Шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі
- 2020 жылғы 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық
ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады;
- Қазақстан аумағына келгендердің барлығы (соның ішінде ҚР
азаматтары), сондай-ақ, екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер міндетті ПТР-тестілеуден өткізіледі;
- шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР-
тестілеуден өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күнге дейін белгіленді.
- ПТР-тестілеу
- 2020 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР өңірлеріндегі зертханаларда ПТР-
тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді.
III. Сырқаттанушылық өсімі болмаған жағдайда, тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар «жасыл» өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметі кезең-кезеңімен қайта жандандырылады;
- 2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін
СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды;
- биылғы 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу
режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.
- Шектеу шараларын сақтау
- Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер
клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады;
- облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды
құруға тыйым салу жалғасады.