Бүгін Елбасының Жарлығымен Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. Бұл жайында Ақорданың ресми сайтында жария болды.
Президент Н.Ә.Назарбаев ең алдымен Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалсын деп Жарлыққа қол қойды.
Ал, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі лауазымына Әлихан Смаилов тағайындалды.
Бұдан бөлек, бұрын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарған Жеңіс Қасымбек Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып бекітілді.
Премьер-Министрдің тағы да бірінші орынбасары лауазымына Гүлшара Әбдіқалықова тағайындалды. Ол осыған дейін ҚР Мемлекеттік хатшы қызметінде жұмыс атқарған еді.
ҚР Сыртқы істер министрі болып Бейбіт Атамқұлов бекітілді.
Жақында ғана ҚР Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалған Ерлан Тұрғымбаев өз жұмысын осы лауазым бойынша жалғастыратын болды.
Сол сияқты, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та осы лауазымында қызметін жалғастырады.
Ал, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі қызметін атқарып келген Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрі лауазымында Күләш Шамшидинова қызмет атқаратын болады. Жаңа министр осы уақытқа дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы болған.
Ал, Ақтөбе облысының әкімі болып келген Бердібек Сапарбаев Президент Жарлығымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болған Асқар Жұмағалиев жаңадан құрылған ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы болып бекітілді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі лауазымында Сапархан Омаров қызмет ететін болады.
Ал, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне Руслан Дәленов тағайындалды.
Осы кезге дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі болған Дәурен Абаев қайта құрылған Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып бекітілді.
Министрлердің ішінен өзгеріссіз қалғандар қатарында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да бар. Ол осы лауазым бойынша қызметін жалғастырады.
ҚР Энергетика министрлігін де Қанат Бозымбаев басқара беретін болды.
ҚР Денсаулық сақтау министрі лауазымы бойынша Елжан Биртанов өз жұмысын жалғастыра береді.
ҚР Әділет министрі болған Марат Бекетаев та өз қызметінде қалды.
Елбасымыз сондай-ақ, Ерболат Досаевты Ұлттық банк төрағасы лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
Желілік басылымдағы суреттер әртүрлі сайттар мен дереккөздерден алынды