Әкім лауазымына үміткерлер таныстырылды

Әкім лауазымына үміткерлер таныстырылды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін Жандосов ауылдық округі аппаратына әкім лауазымына үміткер азаматтар таныстырылды, деп хабарлайды «Karasayinfo.kz» желілік басылымының тілшісі.

Бұл басқосуда таңдалған үш үміткердің қысқаша өмірбаяны айтылып, еңбек жолдары жайлы ауыл тұрғындарына толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, барлық талаптарға сай екені де жеткізілді. Нақтырақ айтсақ, әкім лауазымына сай деп таңдалған Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің орынбасары Мейірхат Ахметов, Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары Дастан Рахметулов және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ілияс Қалиев болды.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы нөмірі 148 заңының 36-1 бабына сәйкес Жандосов ауылдық округі әкімі Алпамыс Айдарұлының қызметі ауысқан болатын. Осыған орай, Қарасай аудандық комиссиясы аталмыш әкімдікке жаңадан сайлауды тағайындау туралы шешім шығарды.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях