Кезекті қабылдау

Кезекті қабылдау

Sorry, this entry is only available in Русский.

 

Бүгін «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Комиссия төрағасы Сағындық Жұмабаев болып, оған аталмыш партия төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбекұлы,

аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, аудандық мәслихат депутаттары Атлана Исаева мен Дамиля Клышпаева, партия белсендісі Махмұтбек Жұмағұлов қатысты.

Онда күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Жанна Қалыбаева 2017 жылы жасалған жұмыстары туралы баяндама жасады. Мұнан соң, екінші сұрақ бойынша аудандық партия филиалына мүгедектік мәселесі жөнінде шағымданып келген азаматтардың өтініш-арыздары тыңдалды. Осыған орай, басқосуға қатысып отырған партиялық бақылау комиссиясының тарапынан баяндамашы Жанна Сахиқызына қойылған сұрақтар да, ескертулер де аз болмады. Бұдан бөлек, оған қабылдаушылар іс барысына қатысты өздерінің ескертпелері мен ұсыныстарында айтты. Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях