Кезектен тыс сессия жұмысы

Кезектен тыс сессия жұмысы

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін аудандық әкімдіктің үлкен жиын жайында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 19-шы сессиясы болды. Оған аудан әкімі Махаббат Бигелдиев, орынбасарлары, қалалық, ауылдық округтердің әкімдері, бюджеттік мекемелер мен бөлім басшылары, мектеп директорлары қатысып отырды. Күн тәртібінде екі мәселе қаралған сессия жұмысына аудандық мәслихаттың депутаты Қуаныш Баяманов төрағалық етті.  

Алдымен сөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Жұмағұловқа беріліп, ол шығып қалған бір облыстық және бір аудандық депутаттың орнына 29 қазан күні өткен мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысын хабарлады. Қорытындыға сәйкес, №16 Ұмтыл сайлау округінен Алматы облыстық мәслихатының депутаты болып Ә.Сәрсенов, ал, №17 Жамбыл округінен аудандық мәслихаттың депутаты болып «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбастары Ы.Амалбек сайланды. Соңғысына аудан әкімі М.Бигелдиев ел алдында депутаттық мандатын тапсырып, құттықтады.

Ал, сессияның күн тәртібіне қойылған алғашқы мәселе бойынша, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы Д.Сансызбаев ортаға шығып, Қарасай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Қарасай ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 10-3 шешіміне өзгерістер енгізу жайында баяндамасын оқыды.

Мұнан кейін, ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлкен үлес қосқан, республикаға еңбегі сіңген айтулы азамат Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы институтының директоры Т.Айтбаевқа Қарасай ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру мәселесі халық қалаулыларының талқысына салынды.

Сессия соңынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях