Катардан Алматыға және Нұр-Сұлтанға тікелей әуерейстер ашылады

Катардан Алматыға және Нұр-Сұлтанға тікелей әуерейстер ашылады

«Qatar Airways» компаниясы елімізге әуе рейстерін ашады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың наурыз айының 30 күні «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха мен Нұр-Cұлтан қалалары арасындағы, ал, сәуір айының бірі күні Доха мен Алматы қалалары арасында алғашқы рейсті орындау рәсімін өткізеді.

Алғашқы рейстер Боинг-787 (Dreamliner) үлгісіндегі әуе кемесінде орындалатын болады. «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына аптасына 2 рейс жиілікпен және Алматы қаласына аптасына 4 рейс жиілікпен Эйрбас-320 үлгісіндегі ұшақпен тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды.

Жалпы, «Qatar Airways» компаниясы елімізге аптасына 6 рет тұрақты түрде ұшатын болады. Екі ел арасындағы рейстерге билеттердің сатылымын бастау 16 қаңтарға жоспарланған. Рейстің ашылуы қазақстандық жолаушыларға «Qatar Airways» әуе компаниясының 160 бағытына сапар шегуге мүмкіндік береді.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях