42500 мобильді қосымша арқылы қайтаруға болады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев 42500 теңгелік жәрдемақының қажет болмаған жағдайда немесе төтенше жағдай кезінде жұмыстарын жалғастырып жатқан жеке кәсіпкерлер қалай қайтара алатыны жайлы айтты.
42500 теңгені қайтаруға арналған реквизиттер мынадай:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
Бенефициардың банктік сәйкестендіру коды: GCVPKZ2A
Бенефициардың жеке сәйкестендіру нөмірі: KZ67009SS00368609110
Бенефициардың бизнес сәйкестендіру нөмірі: 160440007161
Бенефициадың коды: 11
Төлем мақсатының коды: 049
Немесе банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланып қайтаруға болады. Мәселен, Kaspi.kz банкінің қосымшасы арқылы әлеуметтік көмекті қайтарудың нұсқаулығын ұсынсақ. Kaspi.kz-ке кіріп, төлемдер (платежи) деген функцияны басу қажет. Төлемдердің (платежи) ішінен «Әлеуметтік көмекті қайтару» (возврат социальный помощи) таңдау керек. Қайтаратын тұлға өзінің ЖСН терсе, 42500 теңге өзі автоматты түрде шығады. Айта кету керек, әр азамат тек өзінің ғана шотынан ғана төлей алады.