Кәсіпкерлерге қызметтік қолдау көрсетіледі

Кәсіпкерлерге қызметтік қолдау көрсетіледі

Sorry, this entry is only available in Русский.

Кеше, аудан орталығы Қаскелең қаласында орналасқан «Нұр Отан» партиясының Қарасай аудандық филиалы ғимаратында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында, «Мемлекеттік қолдау алу мәселелері бойынша, азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» атты республикалық акция өтті. Акцияның мақсаты аталған бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен даму институттарының азаматтарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне диалог алаңын ұсынуы.

Аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Қоныс Диханұлы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ілияс Қалиев, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Эльмира Тасырова және екінші деңгейлі банктер филиалының өкілдері қатысқан бұл шараға төрағалық еткен «Нұр Отан» партиясының Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек бас қосудың мән-маңызын айтқан соң, Қ.Юсупалиев жиналғандарға «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы тарапынан кәсіп ашқысы келетін немесе өз жұмысын жаңадан бастаған азаматтарға қандай қолдау бары туралы ашып айтып берді. Яғни, кәсіпкерлерге заңгерлік, маркетинг, кедендік рәсімдеу, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу сияқты 80-нен астам қызмет көрсетілетінін айтты. Сондайақ, оларға әріптестік, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету салаларында тегін кеңес берілетінін тілге тиек етті.

Жалпы, жиын барысында «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары да түсіндірілді. Әр саладағы кәсіпкерлер өз кәсібін ашып, дамытумен қатар, жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша кеңес алып, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, толық жауаптар алды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях