Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бөлінеді

Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бөлінеді

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры («ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы) кәсіпкерлерге жеңілдетілген шағын несие беруге 36 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша түрлі мақсаттағы несиенің жылдық сыйақы мөлшері 6 пайызды құрайды. Сондай-ақ, тиімді жылдық сыйақы мөлшері 6,7 пайыздан аспайды.

Несиенің сомасы, жеңілдік мерзімі несие өніміне байланысты әртүрлі болады. Қордың несиелеу шартында аграрийлер қызметінің ерекшелігі, оның ішінде ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығы мен циклділігі ескерілген.

Бағдарламаға ауыл шаруашылығымен және ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіп түрлерімен айналысқысы келетіндер, кәсібін кеңейтуді жоспарлаған азаматтар қатыса алады. Несие алушыларға қойылатын бірқатар талаптар бар. Атап айтқанда, кәсібін енді бастайтын азаматтың кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы сертификаты болуы тиіс.

Туындаған сұрақтар бойынша облыстардағы филиал менеджерлеріне хабарласуға немесе қосымша Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарынан кеңес алуға болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях