Ақмолы облысы тұрғыны Гүлшат Баяділова көпбалалы ана. Оның төрт баласы бар. Бір ұлы бокстан жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Баланың дарынын Қанат Ислам да байқап қалған. 2019 жылы Қанат көпбалалы анаға 4 бөлмелі үй сыйлаған, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы ztb_kazakhstan әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.
2020 жылы ақшадан тарыққан Гүлшат интернет арқылы тапқан адамдардан қарызға 500 мың алады. Олар көпбалалы анаға 1 млн береді, есесіне үйдің құжаттарын алып алады.
Арада ай өткен соң қарыз берген адамдар хабарласып, нотариусқа алып барады. Ештеңе айтпастан қол қойдырып, әйелді шығарып салады. Әлгі қол қойған құжаты – сату келісімі екен.
Гүлшат келісім-шартты заңсыз деп анықтауды сұрайды. Тіпті видео үндеу де жариялаған:
– Менің момындығымды, сауатымның жоқтығын пайдаланып, осылай жасап жатыр. Қазір бірнеше сот болды, бірақ, менің шаруам ешқалай шешіліп жатқан жоқ, – деп күйінді ана.