Көкшетауда полиция ардагерлеріне арналған аллея ашылды  

Көкшетауда полиция ардагерлеріне арналған аллея ашылды   

Sorry, this entry is only available in Русский.

Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында Көкшетау қаласында елімізде алғаш рет ішкі істер органдарының және ұлттық гвардия ардагерлерінің аллеясы ашылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап.

Ақан сері мен Біржан сал көшелерінің қилысында орналасқан аллеяның ашылуына Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, облыстық Полиция Департаментінің бастығы Берік Билялов, департаменттің жеке құрамы мен ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.

– Бүгінгі күні полиция қызметкерлеріне ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамсыз етуде үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Ақмола облысының тәртіп сақшылары Мемлекет басшысының алға қойып отырған міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Бүгінгі алеяның ашылуы – еліміздегі ішкі істер органдары мен ұлттық гвардия ардагерлеріне деген құрметіміздің белгісі, – деді Ақмола облысының әкімі.

Ақмола облыстық полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы,отставкадағы полиция полковнигі Дәуітбек Нұрғалиев сөз сөйлеп, жаңадан ашылған аллеяның өскелең жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталды.

Екі жүзден аса түрлі көшет егілген аллея абаттандырылып, тұрғындардың рухани дем алуы үшін барлық жағдай жасалған.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях