Көңіл көркейтер көрме

Көңіл көркейтер көрме

Sorry, this entry is only available in Русский.

Жастар жылы аясында бүгін аудандық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі болғанымен он саусағынан өнер тамған дарын иесі Назерке Торпақованың суреттер көрмесі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, қолөнері, баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи, әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту, ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениет жетістіктерін ұмытпау, ары қарай дәріптеу – жас ұрпақтың үлесінде.

Осыған орай бүгін, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен, мәдениет үйінде «Жүрегі толы мейірімге» атты суреттер көрмесі өтті. Оның мақсаты – мүгедек жанның талабы мен талантын ұштау, ортадан оқшауланбай, өзін қоғамның бір мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік беру. Көрмеге ауданымыздың колледж студенттері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты.

Оның барысында ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жіңішке тастармен кестеленген кестенің шебері Назерке Торпақованың атақты адамдар мен жануарлар бейнелеген суреттері, әсем табиғат, таулар, табиғаттың небір тылсымдарымен қатар махаббат тақырыбындағы, патриоттық рухта саланған туындылар көрермен назарына ұсынылды. Бейнелеу өнерінің түрлі жанрында салынған, көркемдік мәнерімен ерекшеленетін суреттерге келген студенттер қызғушылық танытып, ыстық ықыласпен қарап шықты. Көрмеге арнайы шақырылған қонақтар Мәдениет үйінің директоры Ернұр Нұрғожаева мен аудандық «Қуат» мүгедектер қоғамының төрайымы Жәмиля Мәмбеева, суретші қыздың еңбектеріне өз бағасын беріп, шығармашылық жолының нәтижелі, жемісті болуын тіледі.

Мөлдіреген моншақтармен кестеленіп жасалып, көздің жауын алатын Назеркенің туындылары қойылған көрмеден көпшілік ерекше көңіл-күймен қайтты.

[su_custom_gallery source=»media: 9539,9540,9541″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях