Ұйымдастыру бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Ұйымдастыру бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Қарасай аудандық ұйымдастыру бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес Махатов Біржан Манатұлы Қарасай ауданының әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымына 2019 жылдың 7 қазан айынан бастап аудан әкімінің №45 өкімімен тағайындалды.

МАХАТОВ Біржан Манатұлы 1994 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекетінде ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2016 жылы әл-Фараби атындағы Ұлттық университетін шетел филологиясы, 2017 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2016 жылдың қазан айында Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі әкім аппаратының бас маманының міндетын атқарушы болып бастаған. 2016-2017 жылдары Елтай ауылдық округі әкім аппаратының  бас маманы, 2017-2018 жылдары Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2018-2019 жылдары Елтай ауылдық округі әкім аппаратының  бас маманы болған, 2019 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях