Әйтей ауылында жаңа спорт кешені ашылады

Әйтей ауылында жаңа спорт кешені ашылады

Жақын уақытта Әйтей ауылында Әуе күмбезді көп функционалды спорт кешені ашылатын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Бұл орталық – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ықпалымен салынған Қазақстан бойынша бес орталықтың бірі. Оның аумағы 1732,7 шаршы метрді қамтиды. 228 млн 300 мың қаржы жұмсалған нысанның құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталып, қазан айында толығымен аяқталған. Қолданысқа енді беріледі. Ауыл балалары тегін тәлім алатын бұл әуе күмбезді жаттығу залы Шамалған ауылында орналасқан «Үшқоңыр спорт мектебіне тиесілі болып табылады. Мұнда болашақ чемпиондар бокспен, күреспен, үстел теннисімен шұғылданып, басқа да ойын залдарында спорттық біліктіліктерін шыңдай алады.
Жылы ауамен үрленіп тұратын спорт кешенінде түрлі жарыстарды да ұйымдастыруға болады. Жақында муайтайдан Қарасай ауданы бойынша біріншілік өту жоспарлануда. Сонымен қатар, алдағы уақытта басқа да аудандық және облыстық деңгейдегі додалар ұйымдастыру жағы қолға алынады.
Ел игілігіне қызмет атқаратын, ауыл спортын дамытуға бағытталған осындай ерекше спорт кешенінде әлі талай чемпиондар өсіп-өнеді деген сенімдеміз.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях