Үйірме қызметін ұсынушылар үшін бала саны шектеледі

Үйірме қызметін ұсынушылар үшін бала саны шектеледі

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында үйірме қызметін ұсынушыға спорт түрі, айналысатын топтар мен бала саны бойынша шектеу орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2021 жылдың 1 мамырынан бастап спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру механизмі енгізілді. Соның нәтижесінде 4 пен 17 жас аралығындағы 217 мың бала мен жасөспірім тегін спорт секцияларына қатысып жүр. Алайда бұл механизм әлі де жетілдіруді қажет етеді. Мұны уақытында шешпесек, Президенттің тікелей тапсырмасын орындай алмауымыз мүмкін және әлеуметтік наразылық та артуы ықтимал», – деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, бірқатар аймақ бір жылға бөлінген ақшаны бір тоқсанда жұмсап тастаған.

«artsport.kz. порталының жұмысына қатысты мәселелер де жетерлік. Жергілікті атқарушы органдармен қатар, қызмет ұсынушылар да порталды теріс пайдаланатын жағдайлар кездеседі», -деген министр туындап отырған мәселені шешу үшін бірнеше шараны қолға алуды ұсынды.

«Біріншіден, қызмет ұсынушылардың өтінімін қарастыру мерзімін 5 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін ұзартуды ұсынамыз. Қазір әкімдік қызметкерлеріне күніне 100 өтінімге дейін түседі. Бұл өтінімді сапалы түрде қарастыруға мүмкіндік бермейді. Екіншіден, ғимараттың сыйымдылығы мен жаттықтырушы санына қарай отырып, бір қызмет ұсынушыға спорт түрі, айналысатын топтар мен бала саны бойынша шектеу орнатуды ұсынамыз», – деді Мәдениет жән спорт минмистрі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях