«Jarkyn milk» табиғи өнімі – денсаулықтың кепілі

«Jarkyn milk» табиғи өнімі – денсаулықтың кепілі

Бірінші Май ауылдық округі Бекболат ауылының тұрғыны Жарқын Түменбаева заман ағымына сай «tik tok» және «instagram» сынды әлеуметтік желілерді белсенді жүргізіп, ол жерде табиғи және жасанды сүт өнімдерін қалай ажыратуға болатыны жайлы пайдалы ақпараттармен жиі бөлісіп отырады. Кеңестерін қысқа әрі нұсқа видео эксперименттер арқылы көрсететін Жарқын Байділдәқызы оқырмандардың зор ықыласына бөленіп жүр. Қазіргі уақытта оның аталған әлеуметтік желілерінің әрқайсысында 30 мыңға жуық оқырманы, 6 миллиондай қаралымы бар. Осы жолғы мақаламыз сүт өнімдерімен тұтынушыларын тәнті етіп, көптің ықыласына бөленген кәсіпкер жайлы болмақ.

Шағын фермасында әжесі мен анасынан үйренген әдіс-тәсілдерге сүйене отырып, мұнда сүт өнімдерін дайындаудың жеке технологиясын жасады. Мысалы, құрамында құнарлы заттар көп болатын сол ірімшікті тек жаңа, әлі салқындатылмаған сүттен алты-жеті сағат қайнатады, бұл өте маңызды. Осылайша, жаңа өнімдері алғашында көршілер, таныстардың сұранысына ие болды. Қазіргі таңда әлеуметтік желі арқылы сатып алушылардың қатары көбейген.

Сөз соңында кәсіпкер өз өнімдеріне сертификат ала алмай жүргенін айтып налыды. Қай мекемеге барып қолдау табарын білмейді. Барлығы талапқа сай келмейтінін айтып жауаппен қайтарды. Мүлдем сапасыз өнімдерде сертификат бар екенін білгенде іші ашитынын айтып өз мәселесімен бөлісті. Тауарға берілетін сертификат ірі дүкендердің сөрелеріне «Jarkyn milk» өнімін сатылымға шығаруға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта Жарқын Байділдәқызы өз кәсібін кеңейтіп жолдасы екеуі үлкен фирма ашуды армандайды. Біз де табиғи өніммен әзірлеп жүрген кәсіпкерге еңбегіне береке тілейміз!

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях