Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Ұйғыр ауданына қатысты пікір білдірді. Ол қазір нақты бір саяси шешім шығарылмаса да, алдын-ала жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымы.
Қанат Бозымбаев Ұйғыр ауданы халқымен кездесті. Жиын барысында осы мәселе көтерілді. Ол былтырғы жылдың желтоқсан айында тұрғындармен кездесуінде ақсақалдар осы мәселені қозғағанын, ауданның төл тарихи атауын анықтау үшін ғалымдардың да бұл іске қосылуын сұрағанын айтты.
«Соған байланысты Тіл және Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институттары жасаған сараптама тиісті мемлекеттік органға ұсынылғанын жеткізді. Әзірше нақты бір саяси шешім жасалған жоқ. Дегенмен қазір алдын ала жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Қанат Бозымбаев.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать