Италиядағы карантин 3 мамырға дейін ұзарады  

Италиядағы карантин 3 мамырға дейін ұзарады   

Премьер-министр Джузеппе Конте Италия үкіметі елде коронавирустың таралуын шектеу үшін қабылданған шараларды 3 мамырға дейін ұзартпақ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ANSA агенттіктің хабарлауынша, бейсенбі күнгі деректерге сәйкес, Италияның қарқынды терапия бөліміндегі коронавирусы бар пациенттердің саны төртінші күн қатарынан қысқарып келеді. Бұл туралы Азаматтық қорғаныс департаменті хабарлады.

Қазіргі уақытта Италияда мұндай 3605 пациент бар, бұл сәрсенбі күнгі науқастар санынан 88 адамға аз. Сондай-ақ Азаматтық қорғаныс департаменті қазір елде 96 877 адам COVID-19 вирусын жұқтырғанын мәлімдеді.

FNOMCEO Дәрігерлер гильдиялары федерациясының мәліметінше, кеше Италияда коронавирус екі дәрігердің өмірін қиған. Осылайша вирустан қайтыс болған дәрігерлер саны 105 адамға дейін өскен.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях