Іргелі округінде жаңа «Street WorkOut» алаңы

0
4860

Бүгін Іргелі ауылдық округінің әкімі Абылай Ысқақовтың қатысуымен Көксай ауылының Жаңа ғасыр көшесінің бойында ашық аспан астында спортпен шұғылдануға арналған жаңа «Street WorkOut» алаңы ашылды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Ашылу салтанатында Іргелі әкімі округтік ардагерлер төрағасы ТолеуТютебаевпен бірге жиналған қауымды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, бүгінгі салтанатқа орай ұйымдастырылған «Турник и брусья» жарысының жеңімпаздарын дипломдармен марапаттады.

Айта кетейік, спортты серік еткен жастарға арналған заманауи алаңның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында басталған болатын. Құрылысын ЖК «Кенженова» мердігер компаниясы жүргізген алаңға бюджеттен 10,8 миллион теңге бөлінген. Мұнда балалардың және жеткіншектердің дене шынықтырумен айналасуына арналған әртүрлі темірден жасалған спорттық құрылғылар (өрмелеуіш, турниктер) бар. Бұған қоса оның екінші бөлігінде кішкентай балаларға арналған ойын алаңы орналасқан.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь