Іргелі ауылдық округі әкімі болып Қадырбек Атшабаров сайланды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15 бабының 1 тармағына сәйкес Қадырбек Әбдібекұлы осы лауазымға 18 сәуірден бастап тағайындалды.
Еске сала кетсек, жақында Іргелі ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, аудан әкімі Жандарбек Далабаев жаңа үш кандидатты тұрғындар алдында таныстырған еді. Олардың қатарында Қ.Атшабаровта болып, аудандық сайлау комиссиясының нәтижесінде қайта сайланды. Өз округінде жұмысын одан әрі жетілдеріп, экономикасын дамытуға үлкен үлесін қосатындығына сенім білдірген Жандарбек Ермекұлы бүгін аталмыш округ әкімдігінде ауыл ақсақалдары мен азаматтарының алдында Қадірбек Әбдібекұлын құттықтады.