Іле ауданындағы Сорбұлақ көлінің суы ауылшаруашылығына қолданылмақ

Іле ауданындағы Сорбұлақ көлінің суы ауылшаруашылығына қолданылмақ

Сорбұлақ – Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылы мен Күрті ауылдық окрігінің 70 шақырымында орыналасқан тұйық көл. Мұнда Алматы қаласының өнеркəсіптік жəне коммуналдық шаруашылықтарынан шыққан ақпа сулары жиналады. Оның аумағы 55 шаршы шақырымды құраса, ұзындығы 33 шақырымға дейін созылып жатыр. Күні кеше ауданға келген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаған көшпелі коммисия мүшелері осы ақпа жинақтаушы көлі мен Күрті су қоймасына жауапты мамандарымен көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша көлдердің жай-күйін бақылап шықты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

[su_custom_gallery source=»media: 43830,43831,43832″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Тексеру жұмыстары барысында комиссия мүшелері ағынды суларды шаруашылыққа пайданалану бойынша да сөз қозғап, жазғы суару маусымында сусыз қалатын шаруашылық алқаптарына су жеткізу бойынша да біршама мәселелер туралы өңірдегі су көздерін зерттеуге арналған көшпелі кеңесін де өткізді.

Онда көшпенді кеңестің мүшелері жоғарыда айтылғаннан бөлек Алматы қалалық су кәсіпорны мемлекеттік мекемесі мен Іле аудандық «Илиирригация» су шаруашылығы бөлімімен арасында келісім шарттардың дұрыс қолданылмай жатқаны да мәселеге айналғанын атап өтті. Себебі бүгінде екі мекеме арасында келіспеушілік басым болып отыр. Біріншісі аудан көлеміндегі жеке қожалықтардың иелігіндегі егін алқаптарына суаруға су бермей зар қақтырса, екіншісі аптап ыстықта көптеген егін алқабтары дәл осы судың жетіспеушілігінен күйіп кететінін айтып зар қағуда. Облыс басшысы биылдан бастап барлық суаруға мұқтаж алқаптарға су тартылу керектігін тапсырды. Жауапты мамандарға ауызша сын ескертеплерін де баса айтты.

Бір айта кететін, қазіргі уақытта Сорбұлаққа құйылатын ақпа суларын тазарту технологиялары жаңартылып, заманауи технологиялар енгізілуде. Мамандардың айтуынша, көлдің суы ішуге, шомылуға жарамаса да, экологиялық стандарттарға сәйкес суару үшін және техникалық жағдайда қолдануға әбден болады. Қазіргі таңда орын алып жатқан жағдайға келетін болсақ, Сорбұлақтан әзірге көктемдік су тасқынынан аса қауіп төніп тұрған жоқ. Су көлемінің ұлғаюы байқалмайды. Аңығырақ айтқанда, Сорбұлақ көлі бір миллиард текше метр ағынды суды максималды биіктігі 622 метрге дейін қабылдай алады. Тарихына көз жүгіртсек, 1995 жылдың сәуірінде ең биік меже 621 метр су деңгейін көрсеткен. Қазіргі уақытта ол 618 метрден төмен, су көлемі 744 миллион текше метрді құрап отыр. Бұл көрсеткіш үлкен болғанымен дабыл қағуға себеп емес. Сонымен қатар, дәл қазір облыс әкімдігі жинақтаушы көлдердің жұмысын жинақтап, ауыл шаруашылығы мақсатында қолда бар су көлемін пайдалану үшін бар күш-жігерін салуда.

Мұнан кейін облыс әкімі Марат Елеусізұлы екінші нысан ретінде Алматы қаласына қарайтын «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филалындағы Күрті су қоймасына барды. Ол аудан орталығы Өтеген батыр ауылынан 120 шақырым жерде орналасқан. Сондай-ақ су қоймасының жанында Ақши ауылы орыналасқан.

– Біз негізгі су тасқынынан өттік. Су қоймасын толтыру жұмысы қалыпты жүріп жатыр. Қазіргі уақытта барлық нысандарға көп факторлы сараптама жүргізілуде, ол негізгі құрылымдардың жағдайын көрсетуі керек. Дегенмен, алаңдауға негіз көрмейміз. Су қоймасы тасты жерде орналасқан, бөгеттің қатайтылған негізі судың толып кетуін қоспағанда, кез келген су қысымына төтеп беруге мүмкіндік береді, – деді Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалының директоры Мейрам Арыстанов.

Мұндағы негізгі проблемалар өзге магистральдық арналардан келетін су каналдарының жағдайымен байланысты болып отыр. Судың 60 пайызы жол бойында тасымалдау кезінде жоғалады. 70 шақырымдық каналдардың 49-ы тарауының астыңғы жағы қара жер болғандықтан жерге сіңіп, ауыл шаруашылығына судың аз ғана бөлігі жетеді екен. Осы мәселе бойынша да ауқымды құрлыс жұмыстары жүргізілетіні айтылды.

Ендігі мақсат – Курті су қоймасын пайдалана отырып, суармалы жер көлемін екі есеге арттыру. Дегенмен, бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қолданыстағы арналардың негізін толығымен бетонға айналдыру қажет. Қазіргі уақытта өзен арнасын механикалық тазарту арқылы еңсеруге тырысып, жобалық мәселені түбегейлі шешу бойынша жұмыстар істелуде. Алайда, ең тиімді жобалар мен сараптама комиссиясының процесі шамамен екі жылға созылатын көрінеді.

Қос су қоймаларын аралап, өз көзімен көріп қайтқан облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев:

– Көріп отырғанымыздай, шаруашылыққа қолданылатын ағынды суларымызды пайдалану мәселесі өткір тұр. Бұл мәселелердің барлығы тезірек шешуді талап етеді. Біз оларды республикалық деңгейде қайта көтеруге, қаржыландырудың ықтимал көздерін пысықтауға тырысамыз. Суды ұқыпты тұтыну, арналарды жайластыру, бетондау ауыл шаруашылығы саласының өсуіне, яғни суармалы жер көлемінің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына алып келеді және нәтижесінде өңірдің өркендеуіне ықпал ететін болады, – деп атап өтті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях