Таяуда Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті.
Оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын жетілдіру және мемлекеттік тілді оқытудың үдерісін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқау үш кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылардың электрондық партфолиосы таныстырылып, педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға арналған тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, 8-10 тыңдаушыдан құрылған аудиторияда сабақ үлгісі көрсетіліп, барлық үміткерлердің жұмыстары сараланды.
[su_custom_gallery source=»media: 5517,5516″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″]
Бұл ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген мамандар арасындағы байқауға барлығы тоғыз ауданнан жас мамандар қатысқан болатын. Ал, облыстық Тілдерді оқыту орталығы Қарасай аудандық филиалының оқытушысы Сағымбекова Фатима Төлегенқызы осы бәсекеде алғырлығын байқатып, ІІ орынды жеңіп алып, қаржылай сыйлыққа ие болды. Құттықтаймыз!