Халық арасында насихаттады

Халық арасында насихаттады

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың маңыздылығы, қажеттілігі мен артықшылығы туралы қазірде аз айтылып жатқан жоқ. Бүгін де аудандық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері оны халық арасында кеңінен насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін, «Апорт» моллында жақсы бір іс-шара өткізді. Атап айтқанда, адам аяғы сиремейтін осы ойын-сауық орталығында біркелкі киінген жастар МӘМС жайлы мол ақпарат берілген баннер алдында флешмоб биледі. Осы арқылы жұрттың назарын осы науқанға аударып, адамдарды өз денсаулықтары мен өміріне бейжай қарамауға шақырды. Бұл кезде дәрігерлер де жиналған халыққа арнайы буклеттер тапсырып, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар қайтарды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұсынысымен, аудандық әкімдіктің қолдауымен және аудандық орталық аурухананың ұйымдастыруымен жүзеге асқан  бұл шарада медициналық талдамалық ақпарат тобының жетекшісі Ербол Дүйсебаев сақтандырудан қалыс қалмай, дер кезінде тіркелудің қандай игіліктерге жол ашатынын жан-жақты әңгімелеп, көпшіліктің қызығушылығын оятты.

Сонымен қатар, флешмобқа Қаскелең қаласындағы «Жәрдем» медициналық колледжінің студенттері атсалысқанын атап кеткен жөн.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях