«Хабар» арнасында президенттікке кандидаттардың теледебаты өтеді  

«Хабар» арнасында президенттікке кандидаттардың теледебаты өтеді     

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін кешкі сағат 18.00-де Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасында тікелей эфир арқылы теледебат өтеді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлау алдындағы пікірсайысты жүргізу туралы жоспар жасап, арнайы регламентті де дайындаған болатын. Ондағы тележобаның тәртібі бойынша телепікірсайыс үш раундқа бөлінген.

І раундтың тақырыбы – «Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары». Оның өзі 2 турды қамтиды. Бірінші турда әрбір қатысушы өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын таныстырса, екінші турда кандидаттар  «сұрақ-жауап» түрінде пікірсайысқа түседі.  Мұнда олар оппоненттеріне екі сұрақтан қойып, өзі де екі сұраққа жауап беруі тиіс.

ІІ раундтың тақырыбы – «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы». Раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырып бойынша сөз сөйлеп, екінші турда жүргізушілердің сұрағына жауап беруі тиіс.

ІІІ раундтың тақырыбы – «Сайлаушыларға арнау». Бұл қорытынды раундта қатысушылар экран арқылы сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді.

Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне 7 кандидатты тіркеген болатын. Олар: «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігінен Сәдібек Түгел, «Nur Otan»  партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев, «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Амангелді Таспихов, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан Дания Еспаева, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Төлеутай Рақымбеков, Қазақстанның коммунистік халық партиясынан Жамбыл Ахметбеков және «Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық бірлестігінен Әміржан Қосанов.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан телепікірсайысқа  «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары, республикалық штаб мүшесі, сенімді өкілі  Мәулен Әшімбаев қатысатын болды.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях