Әңгіме арқауы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортақ іс-қимыл

Әңгіме арқауы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортақ іс-қимыл

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін, Қаскелең қаласындағы «Нұр Отан» партиясының Қарасай аудандық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Бас қосуға «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек, кеңес мүшелері «Қарасай су құбыры» мекемесінің басшысы Жеңіс Бектасов пен жеке кәсіпкер Жанна Жазықпаева қатысып отырды.

Отырысты аудандық мәслихаттың депутаты, аталған кеңестің төрағасы Қуаныш Баяманов жүргізді.

Алдымен, Қарасай ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы Рахымжан Ділдаев баяндама жасап, өз саласы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Такимова сөз алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ықпалдастықты дамыту туралы ой өрбітті.

Іс-шара соңында Қуаныш Баяманов мемлекеттік мекемелерде және бастауыш партия ұйымдарында «2015-2025 жылдарғы арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының» басшылыққа алынуы қажеттігін алға тартты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях