Ескелді ауданындағы нысандарға мониторинг

Ескелді ауданындағы нысандарға мониторинг

  Облыстық мәслихат депутаттары С.Шенгелбаев, Л. Есболова,

Д. Дигай, Ж. Нурмуханова, Г. Нам Ескелді ауданына қарасты бірқатар нысандарға мониторинг жүргізді,  хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Оның ішінде Қарабұлақ ауылындағы Жеңіс көшесінің бойында орналасқан саябақ жағдайымен танысып, қысқы маусымға байланысты көмір қоймасын көріп, қатты отынның қажетті мөлшерде бар-жоқтығын анықтап, қарады. Аудан орталығындағы тағы бір әлеуметтік нысан «Березка» балабақшасымен 60 пәтерлі үйдің құрылысы. Бұл нысандар қарабұлақтықтар үшін алдағы уақытта пайдалануға берілмек. Нысандағы құрылыс материалдармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына халық қалаулылары мән берді. Одан әрі депутаттар Бақтыбай ауылдық Мәдениет үйінің неліктен құрылыс жұмыстары кешігіп жатқанын анықтау үшін,  мердігер мемекенің жұмыс кестесіне баса назар аударды. Жұмыс тобының соңғы мониторингі өзекті мәселелердің бірі – дүкендердің бағасына бақылау жасаумен аяқталды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях