Еш күмәнім жоқ

Еш күмәнім жоқ

Ұзақ уақыт бойы тәуелсіз мемлекетімізді байыпты басқарған Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың егемен еліне сіңірген еңбегін ерен, ерекше деуге болады.

Ал, енді сол Нұрекең де мынадай қиын кезеңде сырқаттанып, коронавирус індетін жұқтырып алыпты.

Өзінің туған халқының бақыты үшін бар күш-жігерін, қажыр-қайратын, білім-білігін аямай жұмсап қызмет еткен, әлі де жұмыс істеп жүрген асыл азаматымызға бүкіл республика жұртшылығы амандық, саулық  тілейді!

Сіз талай ауыр асу-белден алқынбай өткен, небір қиын сәттерде тура жол таба білген, туған Қазақстаныңыздың өсіп-өркендеп, дамуына қажымай-талмай үлесін қосқан аса ардақты адамсыз. Мұндай  сынның талайын  артқа тастағансыз, мынадан да сауығып шығарыңыза сенеміз! Сыныптасыңыз ретінде, өзіңізді өте жақсы білетін адам ретінде менің бұған, тіпті, күмәнім жоқ.

Едіге ЖҮНІСБЕКОВ,

Қарасай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях