Ерте жүктілік – келешекке үлкен күдік

Ерте жүктілік – келешекке үлкен күдік

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын 16 миллион кәмелетке жетпеген қыз жүкті болады екен. Ал, соның 3 миллионы жасанды түсік жасататын көрінеді. Бүгінде бұл тізімді қаракөз қыздарымыз да толықтырып отыр. Биыл елімізде 7000-ға жуық қыз бала жүкті болған. Оның мыңннан астамы түсік жасатыпты. Ал, ауданда жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін кәмелеттік жасқа толмаған  27 қыздың ерте жүкті болу оқиғасы тіркеліп үлгерген. Оның ішінде ата-анасының келісімімен ерте тұрмысқа шыққан қыздарда бар.  Бұл – ресми дерек. “Ұят” деген пердені жауып қойып, жасырып-жапсырып, жүктілікті үзу үшін жеке клиникалардың есігін қағып, жасанды түсік жасататындар саны белгісіз. Жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында бүгін Қарасай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия және Қарасай аудандық көпсалалы ауруханасының жанынан құрылған  «Жастар денсаулық орталығының»   мамандары Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл мектебінінің жоғарғы сынып қыздарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы.

     Ұйымдастырушылардың қатарында аудан әкімдігінің маманы Айжан Ізбасар,  Қарасай аудандық көпсалалы ауруханасыны жанынан құрылған  Жастар денсаулық орталығының менеджері, дәрігер Дана Тәждинова, психологы Сәуле Сұлтангалиева, гинеколог-дәрігері Әсел Өтепбергенова және аудан әкімі аппаратының бас маманы Айжан Ізбасар бар. Олар қыздардың ерте жүктіліктің алдын алу туралы кеңестерін айтып, репродуктивті денсаулықты қорғау тәсілдерін естеріне салды. Сондықтан бойжеткендер бұл жаста жүкті болып, ана атанып, шаңырақ көтеруге емес, білім алуға, сана-сезімін, ойын жетілдіруге тырысқаны абзал. Ерте жүктілік олар үшін өте қауіпті. Менеджері, дәрігер Дана Бектұрғанқызының айтуынша, «ерте жүктілік» деп 13-18 жасқа дейінгі болатын жүктілікті атайды екен. Бұл мезгілде қыздарда «өтпелі жас» кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу процесі жүреді. Оның үстіне олар – әлі бала, тұрмыс құрып, жүкті болатын жасқа жатпайды. Ал, психолог өз тарапынан  ерте жүктілік қыздардың психологиясына кері әсер ететіндігін тілге тиек етті. Ерте жастағы жүктілік депрессия, неврастения, созылмалы шизофрения және ашық түрлі шизофренияға шалдықтырып жататын жайттар кездесетіндігін айтты. Сондықтан, жиын барысында Дана Бектұрғанқызы айтылған мәліметтер түсінікті болу үшін оқушы қыздарға арнайы дайындалған  бейнероликті көрсетті.  Аталған мақсатта жиындар аудандағы барлық мектептерде арнайы кестеге сәйкес өткізілуде. Бүгінгі күнге дейін жиырмаға жуық кездесу білім ошақтарында ұйымдастырылған, алдағы уақытта өзге мектепте жалғасын табатын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях