Еркін күрестен ашық турнир

Еркін күрестен ашық турнир

Ауданымызда осы жылдың алғашқы спорттық жарысы ретінде өткізілген мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске алуға арналған облыстық турнирін айтуымызға болады. Еркін күресті серік еткен жасөспірімдер Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өзара бақтарын сынады. Сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Жандарбек Далабаев өзі қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, құрметті қонақтардың қатарында олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров сынды үлгі тұтар ағаларымыз болды. Үш күнге созылған айтулы додаға еліміздің барлық өңірлері мен қалаларынан 600-ге жуық жас балуандар жиналды.

Жасөспірімдердің салмақ дәрежесі әртүрлі болғанымен, 2006-2008 жыл аралықтағы ұл-қыздардың боз кілемдегі спорттық шеберліктері көпшілікті тәнті етті. Турнир үш күнге созылғандықтан, жарыстың жеңімпаздары соңғы күнде анықталды. Жалпы, жүлделі алтын медаль саны бойынша ең жақсы нәтижені Алматы қаласының балуандары көрсетті. Алып шаһардың спортшыларынан қалыспаған қарасайлықтар да үш алтын медальға ие болды.

[su_custom_gallery source=»media: 15163,15164,15165,15167″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях