Еріктілердің жақсылық жолындағы игі істері

Еріктілердің жақсылық жолындағы игі істері

Аудандық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен карантин уақытында еріктілер көмекке мұқтаж отбасылырға қол ұшын созуда, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Еліміз бойынша қайта күшіне енген карантин режиміне байланысты қарасайлық еріктілер аудан бойынша бірқатар отбасыға көмек қолдарын созып, барынша қолдау білдіруде. Олар уақытша табыс көзінен айырылған отбасылардың жағдайын ескеріп, өздерінің жинаған қаражаты есебінен қайырымдылық шарасын ұйымдастыруды қолға алуда. Игі бастамаға негіз болған аудандық Жастар ресурстық орталығы көмекке мұқтаж отбасылардың арнайы тізімін жасап, сол бойынша азық-түлік жиынтығын таратуда.

Жақында ерікті жерлестеріміз Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны, көпбалалы ана Сәуле Умербаева мен Қаскелең қаласының тұрғыны, жалғыз басты ана Салтанат Әлімбаеваның үйлеріне арнайы барып, азық-түліктерді табыс етті. Осындай қолдауға ие болған аналар да өз тараптарынан алғыстарын айтып, жақсылықтың жолында жүрген жастарға ризашылықтарын білдіруде.

Ал, аудандық Жастар ресурстық орталығының белсенділері мен олармен тығыз жұмыс жасайтын аудан еріктілері дәл осындай карантин уақытында көмеккке мұқтаж жандарға қолдау білдіру алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях