«Ер еңбегі – ел есінде»

«Ер еңбегі – ел есінде»

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жуырда Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектепте Социалистік Еңбек Ері Асанжан Көбелековтың 110 жылдығына арналған «Ер еңбегі – ел есінде» деп  аталатын тарихи-танымдық кеш өткізіліп, оған Батан және Қошмамбет ауылының тұрғындары көп жиналды.

Қошмамбет ауылында туып-өскен Асанжан атамыз 1936 жылға дейін Алматыдағы баспаханада жұмысшы болыпты. Онан кейін ауданымыздағы Менжин (қазіргі Батан ауылы) колхозына қоныс аударып, осы жерде еңбек еткен.

1941 жылы әскерге алынып, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1946 жылы елге оралған соң қызылша өсіретін бригаданың звено жетекшісі болып, аянбай жұмыс істеген.

Ал, 1947 жылы тәтті түбірден, яғни, қызылша дақылынан бүкіл Жетісу өңірі, тіпті, республика бойынша рекордтық өнім алғаны үшін оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілген!

Ол кісіге 100 жылдығында көше аты берілген екен. Алдымен осы көшенің бас жағында салтанатты түрде ескерткіш-тақта ашылды. Оның лентасын аудандық «Қазақ тілі» қоғамының  төрайымы Шара Қанатқұлқызы мен ауыл ақсақалы, тыл еңбеккері Апақай Изенбаев қиып, ауыл әжелері шашу шашты. Ал, оқушылар еңбек пен ерлік туралы өлең оқып, ән шырқады.

Мұнан кейін Қошмамбетов мектебінің акт залына жиналған көпшілік тарихи-танымдық кешке қатысып, риза болды.

Кешті Жамбыл ауылдық округінің әкімі  Бекзат Мыржиев ашып, еңбек пен еңбек адамын қадірлеп-қастерлеудің үлкен мәселе екеніне кеңінен тоқталды.

Келесі кезекте мектеп директоры Нұргүл Смағұлова сөз алып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын міндеттер туралы жан-жақты айтты. Мектепте ұйымдастырылған бұрынғы директор Сүлеймен Досаламанов жайындағы кешті және Қарымбай Қошмамбетовтың 100 жылдығына орай  оқушыларының Тараз қаласына барып, ескерткішіне гүл  шоғын қойып, кездесулер өткізіп қайтқандарын әңгімеледі.

Кеште, сонымен қатар, Еңбек Ерінің  көзін көрген ауыл ақсақалы Мәди Қуанышбеков пен ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы Нәрік Байсеркеев сөйледі. Осындай шараны ұйымдастырып отырғандарға, мектеп ұжымына үлкен рахметін айтты.

Кеш соңында Жамбыл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Толынбеков сөйлеп, өз сөзін «Бірлік бар жерде алынбайтын қамал жоқ» деп түйіндеді.

Ал, Асанжан атамыздың қызы Мейрамкүл, немере қарындастары Тұрсынай, Күләш және немере келіні Роза  кең дастархан жайып, Құран оқытты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях