Енді мектеп пен балабақша директорлары жаңа жүйемен тағайындалады

Енді мектеп пен балабақша директорлары жаңа жүйемен тағайындалады

Үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі мектептер мен балабақша директорлары жаңа жүйе бойынша тағайындалатындығын айтып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.   

– Соңғы кездері білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындау тәртібіне қатысты көптеген сұрақтар туындап жатыр. Мысалы, кейбір білім беру ұйымдарында басшылық қызметте 20 жылдан бері отырғандар бар. Оның үстіне қазіргі басқару менеджменті де нашарлап келеді – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, аталмыш мәселені шешу үшін балабақша, мектеп және колледж директорлары жаңа жүйе бойынша тағайындалып, алдағы уақытта алмасу жүйесі ротация арқылы шешілетін болады. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сәйкес білім беру секторы автономды басқарудан корпоративтіге ауыстырылып, білім ордаларында директорлар кеңесі жұмыс істейтін болады.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях