Елтай ауылдық округінде екі мектеп пен фельдшерлік-акушерлік пункт салынады

Елтай ауылдық округінде екі мектеп пен фельдшерлік-акушерлік пункт салынады

Ағымдағы жылдың күз айында ауданымызға қарасты Елтай ауылдық округінде екі мектептің құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілетін болады. Бұл жайында бүгін аудан әкімі Жасұлан Естенов округ тұрғындарына өткізген есептік кездесуі барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

[su_custom_gallery source=»media: 43930,43935,43929,43933,43934″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

 Нақтырақ айтқанда, жыин барысында тұрғындар тарапынан Исаев ауылында мектептің жетіспеушілігі қатты сезіліп жатқандығы туралы айтылды. Олардың айтуынша, бүгінде ауылда істеп тұрған 600 орындық мектепте 1500-ден астам балалар бірнеше ауысыммен білім алып жатыр екен. Бұған аудан басшысы қазіргі уақытта «Жайлы мектеп» жобасы аясында округке қарасты Көкөзек ауылында 1500 орындық және Елтай ауылында 1200 орындық мектептердің құрылысы жүріп жатқандығын мәлімдеді. Аяқталу мерзімі 2024 жылдың 1-ші қыркүйегіне жоспарланған.

Мұнан бөлек елтайлықтар ауылдарда аурухананың жоқтығы, ал бар медициналық амбулаторияның ғимараты тым кішкентай екені туралы да айтып өтті. Бұл мәселе бойынша Жасұлан Естенов Қаратөбе ауылында биыл фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстары басталатындығы, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер көмегімен округке қарасты бес ауылдың  медициналық мекемелерінің ғимараттарын жаңарту жоспарда бар екенін жеткізді. Бұған қоса орталық аурухананың бас дәрігері Алмат Чорманов, округке жаңа медициналық орталық салу үшін жоба жасалып, денсаулық сақтау басқармасына жіберіліп, қазіргі уақытта қарастырылу барысында екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесу барысында саяжайлар мәселесі де көтерілді. Аудан әкімі бірнеше саяжайлардан келген өкілдерге округке жақын саяжайлар жоспарға сәйкес, кезең-кезеңмен елді мекенге қосылатындығын түсіндірді.

Жалпы жиында жоғарыда айтылғандардан бөлек жарық, жол, су, қоқыс секілді өзге де округ үшін өзекті болып отырған мәселелер көтерілді. Аудан әкімі қойылған сұрақтардың барлығына жауап беріп, округ әкімімен тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях