Қазақстан шекарасынан COVID-19-ды анықтауға арналған тесттерді заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы @ztb_kazakhstan әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қарашада шекарашылар Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде коронавирусты (SARSCOV-2 ANTIGEN RAPID Test KIT) анықтайтын 1000 тестті Қазақстаннан шығару әрекетінің алдын алды.
Ұсталған жүктің болжамды құны – 5 074 480 мың теңге.
Жүк БҚО Мемлекеттік кірістер департаментіне табысталды.