Осы аптада Қазақстан Республикасының көптеген әлеуметтік маңызы бар позицияларында маңызды өзгерістер болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат халықаралық ақпараттық агенттігінің сайтына сілтеме жасап.
Соңғы аптаның ішінде Қақақстан Республикасының әлеуметтік маңызы бар орындардарда көптеген өзгерістер болып, бірқатар мемлекеттік қызметкерлер жұмыс орындарын ауыстырды. Атап айтқанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ, Шоқан Елшібеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі, Анар Жайлағанова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның бастығы болып тағайындалды.
Сонымен қатар, Әнуар Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып, ал, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бастығының бірінші орынбасары және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қауіпсіздік қызметінің бастығы болып Ардақ Ашимбекұлы тағайындалды. Ерлан Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ, Баталов Амандық Ғаббасұлы Алматы облысының әкімі, Маржикпаев Ермек Боранбайұлы Ақмола облысының әкімі, Оразалин Ондасын Сейілұлы Ақтөбе облысының әкімі, Ноғаев Нұрлан Аскарұлы Атырау облысының әкімі, Мырзахметов Асқар Исабекұлы Жамбыл облысының әкімі, Қошанов Ерлан Жақанұлы Қарағанды облысының әкімі, Сонымен қатар, Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы Қостанай облысының әкімі, Көшербаев Қырымбек Елеуұлы Қызылорда облысының әкімі, Бақауов Болат Жұмабекұлы Павлодар облысының әкімі, Ақсақалов Құмар Ирғайбайұлы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, Ахметов Даниал Кенжетаевич Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы Алматы қаласының әкімі, Абдрахимов Ғабидолла Рахматуллаұлы Шымкент қаласының әкімі, Шүкеев Өмірзақ Естайұлы Түркістан облысы әкімінің лауазымына тағайындалды.
Мұнан бөлек Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды.