Елімізде оқушыларға мектепті тазалау тәртібін енгізу ұсынылды

Елімізде оқушыларға мектепті тазалау тәртібін енгізу ұсынылды

Ұлттық кеңестің алтыншы отырысында президенттің алдында осы бастаманы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Қайсар Тұрсынқожа көтерді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ztb_kazakhstan әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.

– Білім – ең маңызды әлеуметтік лифт. Сондықтан балаларға білім ала білді үйрету керек. Келесі маңызды бағыт – қаржылық сауаттылық. Күрделі пайыз, банк, салық, ипотека, ақша жинау, оны инвестициялау, қаржы пирамидалары, блокчейн, криптовалюталар мектеп кезінен бастап берілуі керек. Мұның барлығын жазда екі-үш апталық курстар аясында немесе мектеп бағдарламасына қосымша сабақ ретінде енгізу арқылы ұйымдастыруға болады, – деді Қайсар Тұрсынқожа.

Оның айтуынша балаға еңбек қадірін түсіндіру үшін Жапониядағыдай өз мектебін тазалауға ұйымдастыру керек.

– Бұл баланы жұмысқа жегу емес – жауапкершілік. Бүгін мектеп мүлкіне немқұрайлы қарайтын оқушыдан күні ертең еліне болашағына, қоршаған ортаға алаңдайтын азамат шықпайды. Осы орайда тазалық жұмыстарын жүргізетін адамдардың жалақысын арттыру мәселесін көтергім келеді. Дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы өскені қуантады. Ал ауруханада да ең лас әрі ауыр жұмысты санитарлар атқарады. Олардың жалақысын минималды деңгейде көтергенімне қазіргі қымбатшылық заманында ол ақша жетпейді. Нормативті құжаттарды қайта қарау керек, – деді ол.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях