Елімізде негізсіз жекешелендірілген нысандар мемлекетке қайтарылады

Елімізде негізсіз жекешелендірілген нысандар мемлекетке қайтарылады

Үкімет жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржы мониторингі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің басшылары, Үкімет мүшелері, Бас прокуратураның және «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері кірді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің ақпараты бойынша, комиссияның міндеті — монополиясыздандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Мысалы, комиссия өз жұмысы аясында телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салалардағы кезінде негізсіз жекешелендіріліп кеткен нысандарды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастырмақ.

Бүгін комиссияның алғашқы отырысы өтіп, онда Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев және басқалар баяндама жасады.

Алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша премьер-министр Әлихан Смайылов Қаржы министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп, бір апта ішінде Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Осы тұста Бақытжан Сағынтаевтың кезінде сатылған «Алматы қала жарық» мекемесі мемлекетке қайтарылатынын айта кетейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях