Елімізде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешендердің құрылысы басталды

Елімізде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешендердің құрылысы басталды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты РайымқұловаТұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елімізде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталып жатқанын айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Өздеріңіз білетіндей, халықтың спортпен жаппай шұғылдануы үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту қажет. Елімізде 38,6 мың спорттық нысан бар. Оның 27,5 мыңы білім нысандарына тиесілі, 11,1 мыңы дене шынықтыру және спорт нысандарына жатады, – деді Ақтоты Райымқұлова.

Сондай-ақ, министрдің айтуына қарағанда, бұл нысандар еліміз үшін жеткіліксіз.

– Елбасы өзінің Жолдауында ел бойынша 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу керек деген тапсырма қойған болатын. Осы орайда, жергілікті әкімдіктермен бірге салынатын жобалардың бәрі мақұлданды. Ол үшін терең талдау жасадық. Соның нәтижесінде, өңірлерде спорттық залдарға деген қажеттілік – 1 млн 457 мың шаршы метрді құрайтынын анықтадық. Жетіспеушілік – 51 пайызды, оның ішінде ауылдық жерде 80 пайызды құрап отыр, – деді ол.

Мәдениет және спорт министрлігі 2019 жылы салынатын жобалар тізімін нақтылап қойған. Яғни, осы жылы 22 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтерсе, 2020 жылы – 34, 2021 жылы – 44 нысан салынбақ.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях