Жамбыл ауылдық округіндегі шағын кәсіпорын электрқұрылғыларын шығарумен айналысады, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Мынау жаһандану заманында ғаламтордың дамып, жылдам хабар алмасып әрі күнделікті өмірімізді жеңілдетуге арналған техникалардың түрлері дамып келеді. Ал, олардың барлығы дерлік электрдің қуат көзінсіз іс атқармайтыны белгілі. Қазіргі таңда кез-келген үйде немесе мекемелерде электроқұрылғылғылардың кем дегенде үш-төрт данасы бар, оларсыз мүлдем жұмыс жүрмейтін күйге жеткенбіз. Тіпті, қарапайым жарықты өшіріп жағатын (включатель, выключатель), тоқ көзі (розетка), ток көзіне жетпегенде ұзартып қосатын сымдарсыз (удлинитель) күнделікті өмірімізді елестете алмайтындаймыз. Көп көзіне онша түсіп, елене бермейтін бұл заттардың күн санап маңыздылығы арта бастағандай. Осы қажеттілікті табыс көзіне айналдырған Ибрагимовтар әулетінің отағасы кәсіп түрін дөңгелетіп жүргеніне биыл төрт жылға жуықтаған.
Алдымен түрлі салада жүрген Еркін Ибрагимов 2004 жылдан бастап, шет елдерден электроқұрылғыларын алып еліміздегі сауда орындарына сатумен айналысыпты. Уақыт өте келе бұл кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, өз Отанында өндіріс орын ашуды ұйғарады. Алғашқысында, яғни, 2014 жылдан бері Еркін Яхияұлы ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласында орналасқан «Электро-техникалық өнімдер» ЖШС-нің акционері болады. Уақыт өте жетіліп, біліктілігін одан әрі арттырған кәсіпкер жекелей өз ісін ашуды жөн көреді. Жергілікті жерді зерттей келе оқшау әрі елді мекенге жақын болуын ескеріп, ауданымыздағы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Батан ауылынан 2017 жылы жер алып, өндіріске арналған ғимаратты тұрғызады. Қазіргі таңда кәсіпорын нарықта «Нур-Дин» ЖШС-і «ND plast» брендімен танымал.
[su_custom_gallery source=»media: 8102,8103,8104,8105″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
24 сағат істейтін өндіріс орнында бір ауысымда 20 жұмыскер істейді, олардың саны түскен тапсырысқа қарай жоғарылай береді екен. Тіпті, кей жағдайда станоктардағы қалыпқа дұрыс түспеу салдарынан да қисық тесіледі. Бұндай жағдайда жарамсыз болып қалған жабдықтар «литникке» салынып, ерітіліп қайта біріктіруге арналған арнайы түйір қосылып қайта өңделеді. Яғни, мұнда қалдықсыз әрі шығынсыз өнімдер шығарылады. Өндіріс бойынша менеджер Амина Еркінқызының берген мәліметінше, күніне зауыт ток көзіне ұзартып жеткізуге арналған сымдардан (удлинитель) 4000 дана, жарықты өшіріп-жағуға арналған құрылғыдан 5000 дана шығарады екен. Ал, қалған розетка, вилка, тройник сынды электро- құрылғылардың күніне 1000 дана, әрі қалғанын қосымша тапсырысқа байланысты жинақтайды. Электр бұйымдарын жасауға қажетті шикізаттардың бәрі Қытай, Ресей мемлекеттері мен Павлодар қаласынан әкелінеді. Осындағы бақылаушы құрылғылардың барлығы талаптарға сай, өндірісті технологиялық үдерістерінің қалыпыты жұмыс істеуіне бар жағдай жасалынған. Жалпы, өнімдер еліміздің Ақтау, Атырау, Қарағанды, Шымкент және тағы да басқа аймақтарына жіберіледі. Кәсіпорын көлемін ұлғайту басты мақсат болып тұр. Оны алдын ала жоспарлап, жер көлемін де үлкен етіп алған. Соның нәтижесінде жұмыс орындары да ұлғаяды. Өнімдері Ресей, Беларусь, Украина елдеріне экспортталып, бара-бара Орталық Азияны қамтуды да армандайды. Оған жету жолында зауытты кеңейту қажеттілігі де туындап отыр. Кәсіпорын өзге елді мекендердегі ірі дүкендерге тауар жіберуімен қатар, Алматы қаласының тұрғындарына арнап қолжетімді бағамен «Байсат» базарынан сауда нүктесін де ашып қойған..
Еңбектері еленіп, кәсібі нәсібіне айналып, білгір басшылықтың арқасында өркендеп келе жатқан Ибрагимовтар әулетінің отағасы басқарған отбасылық бизнеске толағай табыстар мен жемісті жетістіктер тілейміз.