Елбасы бастамасымен құрылған қор 23 мыңнан астам алматылыққа қаржылай көмек береді

   Елбасы бастамасымен құрылған қор 23 мыңнан астам алматылыққа қаржылай көмек береді

Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашеваның мәлімдеуінше ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Біргеміз» қоғамдық қоры 23 мыңнан астам алматылыққа 50 мың теңгеден көмек көрсететін болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржылай көмек 1-топтағы мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі баланы асырап отырған отбасыларға, қоғамның осал топтарына жататын өзге де азаматтарға беріледі. Бұл мақсатқа қордан 1 миллиард 200 миллион теңге қарастырылған. Жалпы карантин режимі енгізілгелі бері 5,5 мыңнан астам алматылық азық-түлік себеті мен санитарлық-гигиеналық жинақ алған. Сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған 6 мыңнан астам қала тұрғыны 42500 теңге көлемінде әлеуметтік көмекке қол жеткізген. Жалпы, осы жәрдемақыны алуға қаладағы кәсіпорындардан 67 мыңнан астам өтініш түсіпті.

– Бұл өтініштер қаралып жатыр. Бүгінде мына қамсыздандыру, әлеуметтік фондта 20 мың 200-ден астам халықтың өтініші қазір төлемге жіберіліп жатыр. Оның 6 мыңы осы 42500 қолдарына алды. Сондықтан бұл жұмыс бақылауда. Жұмыс жалғасып жатыр, – деді қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях