Ел Президенті жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

Ел Президенті жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әлеуметтік желідегі парақшасын сілтеме жасап.

Ел Президенті бүгінгі сапар барысында Мақтаарал ауданына барып, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарын жою жұмыстарымен, зардап шеккен азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, тұрғындармен кездесті. ​Бұдан кейін Арыс қаласына арнайы бары, ондағы былтыр жарылыс болған әскери бөлімді қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, тұрғындар үшін жаңадан салынған және жөнделген үйлерді, қайта қалпына келтірілген темір жол вокзалын аралады.

– Қазақстан Президенті жұмыс сапарының соңында Түркістан қаласына барып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстарын көреді, «Сапар орталығының» қызметімен танысып, жаңадан салынған «Жібек жолы» саябағын аралайды», – деп жазды Б.Уәли әлеуметтік парақшаларында.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях