Маусым айының 22-сі мен 30-ы аралығында Алматы облысының Жоңғар Алатауы, Ескелді ауданының Екпінді ауылы сияқты табиғаты көркем жерлерінде үш ірі халықаралық спорт шарасы өтеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жайында Талдықорған қаласында өңірлік комуникациялар алаңында өткен жиында өңірлік экстремалды жарыс өкілдері федерациясы мәлімдеді. Басқосу барысында жарыс бағдарламасы бойынша алдымен Азия біріншілігі жалауын желбіретіп, мұнан кейін Қабанбай батырға арналған Қазақстан кубогы ұйымдастырылатыны жайлы айтылды.
Сондай-ақ, жиын барысында эскстремалдық спорттық додаға Дүниежүзінің 24 елінен 124 адам қатысатындығы және оның ішінде 10-нан аса әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар екені де мәлімделді. Ұйымдастырушылардың пікірінше паропландық спортты өткізудің басты мақсаты елдегі туризмді дамыту.
–Әзірге әлем кубогінде жерлестеріміздің үздік көрсеткіші 8 орын болып отыр. Қазақстандағы жарыста жергілікті саңлақтардың жүлдегер болуына толық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, спортшыларымыз үшін бұл сайыс қыркүйек айында Сервияда ұйымдастырылатын әлем чемпионатына дайындық деуге болады, – деді облыстық экстремалды спорт федерациясының жетекшісі Игорь Виршки.