Экономист: «Самұрық-Қазына» қорын да, «Атамекен» палатасын да жабу керек

Экономист: «Самұрық-Қазына» қорын да, «Атамекен» палатасын да жабу керек

Экономист Мұхтар Тайжан экономиканы көтеру үшін «Самұрық-Қазына» қоры мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын түбірімен жою керек дегенді алға тартты. Ол бұл ойын телеарнадағы ток-шоулардың бірінде айтты, деп хабарлайды  Naqty.kz  желілік басылымы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанның экономикасы этатизмге айналып кеткен, оны оң жолға қою үшін билік бірқатар шараларға баса мән беруі керек» деген сөзін Мұхтар Тайжан өзінің Facebook-тегі парақшасына салған. Бағдарлама барысында елдегі инвесторларға жол ашуды, кәсіпкерлікті дамыта отырып, экономиканы көтеруді кеңінен баяндады.

«Этатизм дегеніміз — экономикамыз мемлекеттің қолында деген ұғымды білдіреді. Бір ғана «Самұрық Қазына» қорын айтайық. Елдегі инвесторлардың 70 пайызы соның қарамағында. Бұл дұрыс емес. Әр сала тиісті министрлігіне бағынуы керек. Ал қорды түбірімен жауып тастау керек. Сонда ғана жеке сектор үшін орын пайда болады. Қазір олар осы қорға бағынышты. Сондықтан реформалаудан пайда жоқ. Керісінше түбірімен жойып, экономиканы көтеруге жол ашу керек», — дейді экономист.

Сонымен қатар, ол «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының да мүлде қажеті жоқ екенін алға тартты.

«Мемлекетіміз құдды бір банкир сияқты. Сан түрлі салаға арнайы банктер құрылған. Бұл дұрыс емес. Оның үстіне кәсіпкерлікте жүргендер үшін тағы бір кемшілік бар. Ол Атамекен палатасы. Оның да көзін құрту керек. Кәсіпкерлер әрине өзара бірлессін, еріктерімен. Бірақ қазір қалай? Кәсіпке келдің бе, сен палатаға тіркелуге міндеттісің. Ал оның өз ішкі талаптары мен заңдылықтары бар. Сондықтан, бұның да мүлде керегі жоқ», — деді Мұхтар Тайжан.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях