Екі жасар алматылық қыздың жағдайы нашарлады

Екі жасар алматылық қыздың жағдайы нашарлады

Алматылық коронавирус жұқтырған екі жасар қыздың жағдайы нашарлады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында ғана коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен жас сырқаттың жағдайы бүгін нашар екені белгілі болды. Бұл туралы ақпаратты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев өзі жеткізді.

– Бүгінде 20 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екеуінің жағдайы – орташа ауыр. Қазіргі уақыта 696 адам ауруханада жатыр, 1108 адам үй карантинінде, – деді Т.Әбілдаев.

Басқарма басшысы, сондай-ақ, өз сөзінде екі жасар бүлдіршіннің жағдайы ауыр екенін айтты. Ал, алматылық дәрігерлердің мәлімдеуінше, 2018 жылғы қызда жөтел бар, рентген нәтижесі оң жақты пневмония көрсетке.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін екі жасар жас қыздың және анасының коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді.

Соңғы мәліметтер сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. Оның 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екі адам Қарағандыда тіркелді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях